7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары(Білім беру саласы)
7М072 Өндірістік және өңдеу салалары(Даярлау бағыты)
М111 Тамақ өнімдерін өндіру(Білім беру бағдарламаларының тобы)
БББ мақсаты:
Қайта өңдеу өндірісінің кәсіпорындары мен ұйымдарында басқарушылық қызметін сәтті жүргізе алатын, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шеше алатын, жоғары оқу орында сабақ бере алатын, зерттеушілік және педагогикалық қызметті жүргізуге қабілетті, жоғары білікті магистрлерді дайындау.
Қалыптасатын оқыту нәтижелері:
Ғылыми әлемдік көзқарас жүйесі, тарих және философия ғылымдары туралы білімін көрсете алады
Шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін көрсетеді
Әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдай отырып, коллективті басқара алады
Жоғары білім беру педагогикасының, кәсіптік білім берудің әдістемелік негіздері туралы білімдерін білім беру қызметінде қолданады
Ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін зерттеу деректерін түсіндіре алады
Қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін бағалау негізінде өндірістік процестерді басқарады
Қайта өңдеу салалары өнімдерінің өндірісін бақылауды және сапаны басқару жүйесін қолдану негізінде сапа менеджментін ұйымдастырады
Эксперименттік зерттеу әдістері мен әдістемесі туралы білімін ғылыми қызметте және өңдеу өнеркәсібінің жоғары сапалы өнімдерін жасауға қолданады
Қайта өңдеу салаларының өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларын әзірлейді
Ақпаратты, идеяларды, тұжырымдарды, мәселелер мен шешімдерді кәсіпқойларға да, маман емес адамдарға да нақты жеткізеді